Жаңа оқулықтар мен оқу құралдарының көрмесі
2025 жылғы 30 қазандаШТ-23-02 тобы куратор Г. К. Темірғалиеваның жетекшілігімен А. К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының бас корпусында ұйымдастырылған жаңа оқулықтар мен оқу құралдарының көрмесіне қатысты.
Іс-шара институттың оқу бағдарламасына сәйкес практикалық сабақтар өткізу үшін қажетті жаңа басылымдардыоқытушылар мен студенттерге таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, көрмедеоқу процесін жетілдіруге бағытталған заманауи оқулықтар ұсынылды.
Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға жаңа білім беру ресурстарының мазмұны мен мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ оларды сабақта және зерттеу жұмысында тиімді пайдалану бойыншаақпарат берді.
Іс-шараға студенттер мен оқытушылар зор қызығушылық танытып,белсене қатысты.






