ЖАҢА ӨРКЕНИЕТТІК КОНТЕКСТЕГІ ТІЛ, МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ

Үстіміздегі жылдың 13-16 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі, Астана қаласындағы Ресейлік ғылым және мәдениет орталығы, Орыс тілі және әдебиеті оқытушыларының Қазақстандық қоғамдық бірлестігі, «Ресейлік ЖОО-ның түлектері» Қазақстандық бірлестігі, «Дәуір және тұлға» ғылыми-ағартушылық жобасының аясында ф.ғ.д., профессор Н.Ж. Шаймерденованың 60 жылдығына арналған «Жаңа өркениеттік контекстегі тіл, мәдениет, ғылым» атты Халықаралық симпозиум өтті. Симпозиум жұмысына ЕАГИ проректоры т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к., доцент Д.Б. Аманжолова, ф.ғ.к., доцент Ж.Д. Маликова және п.ғ.м., аға оқытушы А.Е. Алимбаев қатысты.