«ЖАҢАРУ» Cыбайлас жемқорлыққа қарсы ЖҚРҚБ төрағасы М.З. Семғалиевпен кездесу

2022 жылдың 2 желтоқсанында заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес»  күніне орай, Еуразия гуманитарлық институтының барлық мамандық студенттеріне, «ЖАҢАРУ» Cыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңес мүшесі Мэлс Зайноллаұлы Семғалиевпен маңызды кездесу өткізді. Ондағы мақсат –сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру барысында барлық адамның заң аясына бағынып, таныс-тамырлық пен пара беру әрекеттерін мүлдем болдырмау бағытында, сондай-ақ жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруды көздеді. Кездесуді Еуразия гуманитарлық институтының тәрбие ісі жөнінде проректоры Я.Н. Оспанова ашып, заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Қ.З. Идрисов келген қонақпен және қатысып отырған 200-ге тарта студенттер толқынымен қызықты сұхбат жасады.

Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев «ЖАҢАРУ» қоғамдық бірлестігі биылғы жылы «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі                іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жоба аясында нақтылы жұмыстар жасалып, маңызды кездесулер мен дөңгелек үстелдер, жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында рейдтер жүргізіліп, таяуда «ЖАҢАРУДЫҢ» жаңа газеті де жарыққа шыққанын атап өтті. Кездесу барысында БҰҰ, ЕҚЫҰ халықаралық ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жасап отырған қоғамдық бірлестік мемлекет тарапынан қабылданған заңдардың дұрыс орындалуын халыққа жеткізіп, әдеп кодексінің, үкіметтік емес ұйымдар жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаларын талдап отырғандықтарын «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы М.Семғалиев өз сөзінде баяндады.

Іс-шара барысында студенттер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оған нақтылы жауаптар алды.