«Жақсы мұғалімнің ерекшелігі неде?» тақырыбында профессор Чарльз Холлмен онлайн-семинар

2023 жылғы 3 қарашада «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері (ШТ-22-01, ШТ-22-02 академиялық топтары) «Жақсы мұғалімнің ерекшелігі неде?» тақырыбы бойынша өткен вебинарға қатысты. Оның модераторы шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сарсенова болды. Онлайн-кездесудің қонағы Альфейсала университетінің (Сауд Арабиясы Корольдігі) ағылшын тілі кафедрасының профессоры Чарльз Холл болды.