«Жақсылық туралы, жақсылықпен, жақсылық үшін» тақырыбында дөңгелек үстел

2020 жылдың 11 наурызында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы «Жақсылық туралы, жақсылықпен, жақсылық үшін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, оларды белсенді өзіндік іс-қимылдарға тарту.

Модератор ретінде магистр, аға оқытушы Ж.Д. Дәулетханова сөз сөйледі.

Институт деканы п.ғ.к., доцент Т.Н. Кемайкина және экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Г.Д. Тажбенова құттықтау сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысына кафедраның 2, 3 курс студенттері мен ПОҚ қатысты.

Қайырымдылық қорларының игі істер көрсетудегі рөлін қарастырып, халықаралық және отандық қайырымдылық қорларымен танысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар игі істердің белсенді көрінісін талқылады.

Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар үйін қолдауға, сондай-ақ мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуді жоспарлап отыр.