Жалпыға білім беретін онлайн-курстар: құрылымы мен тиімділігі

2018 жылдың 07 қарашасында Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі координаторы А.Т.Сандыбаева Томск мемлекеттік университетінің «Білім беру бағдарламаларына онлайн-курстарды енгізудің моденльдері мен технологиялары» онлайн-курсын өткеннен кейін, институт оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерімен тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі онлайн платформалар қарастырылды. Жалпыға білім беретін онлайн курстардың (МООК – массовые обучающие онлайн курсы) құрылымы мен түрлері таныстырылды, сонымен қатар оларды оқу үдерісінде тиімді пайдаланудың жолдары айтылды.