Жалпы орта білім беру мен жоғары білім беру арасындағы сабақтастық
Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова №30 мектеп-гимназия мұғалімдеріне «Оқушыны ғылыми жоба жұмысына дайындау жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренер семинар барысында ғылыми жоба тақырыбын таңдау, материал жинаудың маңыздылығы, мақсат-міндетін айқындау, жоба жұмысының өзектілігі, қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрлерімен таныстыра отырып, жалпы мәтін талдаудың техникасына назар аудартты. Оқушыға мотивация беру жолдарына арналған тренинг қызықты өтті.