«ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 қарашада сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтті.

Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.

Еуразия гуманитарлық институтында қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен өткен атаулы шараға ЖОО-ның профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттері белсенді түрде ат салысты.