Жас ғалымдарымыз шетелде жариялануда

Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Гүлмира Сайлаубайқызы Райнбекованың «Role of Biys in Historical Consciousness Kazakh Society» атты мақаласы «The Antropologist» (ISSN 0972-0073) атты халықаралық ғылыми басылымдар қорында нөлдік емес импакт-факторлы журналда 2015 жылдың желтоқсан айында жарыққа шықты. Журнал Үндістан елінде 1999 жылдан бастап шығарылады, әлемнің барлық елінен дерлік ғалымдар өз мақалаларын осы журналға жариялауға ұсынады. Қазақ жас ғалымдарымыздың осындай әлемдік деңгейдегі ғылымға жол бастағандары қуантарлық және мақтанарлық жайт.