«Жас Отан» жастармен бірге
14 ақпан 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы жоғары оқу арындары мен кәсіптік білім мекемелерінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымдары және белсенді жастармен республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы кездесу өткізді. Кездесуге Еуразия гуманитарлық институтынан Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Н.Т. Тырнахан және институтымыздың белсенді жастары қатысты. Кездесу барысында ЖІК жұмыстары, жатақхана мәселесі қозғалып, барлық оқу орындарының бірігіп жұмыс атқаруы туралы, түрлі сұрақтар қойылып белсенді өтті.