«Жас ұрпақ және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі» кураторлық сағаты

2023 жылғы 27 ақпанда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, куратор А.Г. Кожахметова «Жас ұрпақ және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі» тақырыбында Ф-20-01 академиялық тобында (3-курс, «Қаржы» білім беру бағдарламасы) кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: Қазақстан дамуының негізгі кезеңдерін талқылау, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, өз Отанына пайдалы болуға ұмтылу болды.

Кураторлық сағат барысында студенттермен ел дамуындағы жас ұрпақтың рөлі, олардың Қазақстан халқының жалпы әл-ауқатына қосқан үлесі туралы әңгіме өтті.