Жастарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары

2022 жылдың 12 сәуірінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ өкілдері (жастарды жұмыспен қамту бөлімінің басшысы А.С. Усаева және маман Д.Ж. Доголакова) Еуразия гуманитарлық институтының бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді. Спикерлер қатысушыларға бірнеше жыл бойы жүзеге асырылатын «Жастар тәжірибесі» жобасы туралы айтып, орталықтың «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» жобаларымен және жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін грант алу алгоритмімен таныстырды.