Жастар форумы
Экономикалық-математикалық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері үнемі түрлі форумдар мен конференцияларға қатысады. Мәселен, 2015 жылы 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астана қаласында «Ынтымақтастық пен инвестиция үшін жаңа көкжиектері энергиясы келешегі» деген ұран бойынша Х KAZENERGY Еуразиялық форумы болды. Іс-шара энергетика және энергетикалық ресурстар саласындағы соңғы технологиялық жетістіктерді жаһандық пайдалану нәтижелерін көрсетуге бағытталды.
Іс-шара барысында «Жастар. Ғылым. Инновация» атты жастар форумы өтті. Кафедра магистрі А.Ж. Сембаева мен «Қаржы» мамандығының 3-курс студенттері қатысты.