Жастар ісі жөніндегі кеңестің ІІІ отырысы

Халықаралық Студенттер күні қарсаңында Cәтбаев Университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен министрлік жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес өкілдерінің кездесуі өтті. Ресми және шығармашылық бөлімдерге бөлінген кездесу аталмыш Кеңестің ІІІ отырысы аясында өтіп, кең бағдарламаны қамтыды.

Кездесуге Республикалық студенттер кеңесінің мүшелері, Қазақстан студенттері альянсының аймақтық төрағалары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді студенттері және аймақтық студенттік омбудсмендер және А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ психологиялық қызметінің жетекшісі Мусиев А.Б. қатысты.

Кездесу барысында министр белсенді жастар мен студенттердің құқығын қорғау жөніндегі омбудсмендердің алдында сөз сөйлеп, студенттік кезең – нағыз тамаша уақыт екенін атап өтті, өйткені дәл осы кезеңде жастар оқуда, ғылымда, қоғамдық өмірде және стартапта да өз-өзінің потенциалын жүзеге асыра алады.

Студенттік кеңес ашық микрофонмен және студенттік омбудсмендерге сертификаттар тапсыру рәсімімен аяқталды.

Шығармашылық бөлім аясында «Медеу» мұз айдынында TEDx форматында тренингтер, зияткерлік сайыстар мен мерекелік іс-шаралар өтті.