Жастар кеңесі
22 қыркүйекте тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Н.Т. Тырнахан Астана әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевтың төрағалығымен өткізілген Астана әкімдігінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысына қатысты. Кездесуде жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» нысандарында студенттік құрылыс отрядтары құруға бағытталған шараларға қатысты мәселелер талқыланды.