ЖАСТАР ЖЫРЛАЙДЫ

2023 жылдың 18 сәуірінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының қазақ және орыс филологиясы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, п.ғ.м., доцент Г.С. Райнбекова және «Аққу» студенттік әдеби-шығармашылық бірлестігінің қатысушылары «Жастар жырлайды» тақырыбында жас ақындар байқауын ұйымдастырды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды, оларға «Еркіндік қыраны» өлеңдер жинағы табысталды. Іс-шараға кафедра меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент А.Е. Алимбаев, п.ғ.к., доцент А.Б. Шормакова, ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дауренбекова қатысты.