«Жасыл мектеп – жасыл колледж – жасыл университет» моделі» жобасына қатысу

2023 жылғы 10 ақпаннан бастап философия докторы (PhD), шет тілдері кафедрасының доценті Ж.Т. Оспанова «Жасыл мектеп – жасыл колледж – жасыл университет» моделі» білім беруді экологияландыруды дамыту жүйесі ретінде» ғылыми жобасы аясында онлайн-дәрістер сериясына қатысады (жобаның ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ педагогика кафедрасының профессоры Г. К. Длимбетова).

Ғылыми іс-шараға қатысушылар арасында студенттер, магистранттар, докторанттар, Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ ТМД елдерінен келген қонақтар бар. Жоба аясындағы дәрістер сериясы ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.