Жатақханада тұратын студенттермен кездесу
2025 жылдың 10 қыркүйегінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының конференц залында жатақханада тұратын студенттермен кездесу өтті.
Іс-шараға ректор Н.Т. Ныгыманова, әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор С.С. Оспанов, тәрбие ісі жөніндегі проректордың м. а. А.Т. Сандыбаева, декан Т.Н. Кемайкина, учаскелік инспектор Б.Е. Туралы, педагог-тәрбиеші Б.Ш. Кадрина, психолог А.Б. Мусиев, ӘШБ менеджері Г.Н. Жанетов, медбике С.С. Рахметова, ЖІК төрағасы Н. Шынберген және комендант Г.У. Дутпаева қатысты.
Кездесу барысында студенттердің өмір сүру жағдайлары, жатақханада тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, салауатты өмір салты, білім алушыларды психологиялық қолдау мәселелері талқыланды. ЖОО әкімшілігінің өкілдері студенттердің сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады.
Мұндай кездесулер ашық диалог үшін маңызды алаң болып табылады, сондай-ақ студенттердің өмір сүру және оқу жағдайларын жақсартуға ықпал етеді.


