Жеңістерімен құттықтаймыз!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Кіші Академиясының Павлодарлық бөлімі мен Инновациялық Еуразия университеті бірлесіп өткізген «Білім беру мен ғылымдағы біріктіру – болашаққа бір қадам» атты ХVІІІ ғылыми-практикалық конференциясының қатысушыларын: Снегурская Валентинаны – 1-дәрежелі диплом (ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова), Амангельдинова Ботагөзді – 1-дәрежелі диплом (ғылыми жетекші: ә.ғ.м., аға оқытушы А.Т. Аязбаева), Ислямова Айсұлуды – 2-дәрежелі диплом (ғылыми жетекші: аға оқытушы: И.А. Тобагабылова), Бөрібай Айжанды – 2-дәрежелі диплом (ғылыми жетекші: ә.ғ.м., аға оқытушы А.Т. Аязбаева), Касап Иринаны – 3-дәрежелі диплом (ғылыми жетекші: ә.ғ.к., доцент К.А. Мухамбетова) жеңістерімен құттықтайды. Биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз!