ЖЕҢІСТІҢ 75-ШІ КӨКТЕМІ

Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының І курс студенттерінің бастамасымен «Жеңістің 75-ші көктемі» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. Шараға қатысқан студенттер қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына жазылған шығармалардың идеялық, көркемдік қуатына тоқталып, өз отбасыларында соғысқа қатысқан аталары туралы баяндады. Шараға кафедра оқытушы құрамы мен білім алушылар қатысты.

Жеңіс күні құтты болсын!