Жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн режимдегі конкурс
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында ЕАГИ-дің шетел тілдер кафедрасы «Рухани жанғыры» бағдарламасы аясында соғыс жылдарындағы әндер мен өлеңдерді аударуға конкурс ұйымдастырды.
Шетел тілдер кафедрасының студенттері бұл конкурсқа белсенді қатысты. Олар өздерінің сүйікті өлеңдері мен әндерін таңдап, ағылшын, француз, неміс тілдеріне аударды. Содан кейін осы өлеңдерді оқып, ән шырқады. Ерғалиев Азаматтың (ПД-18-01 т.) «Священная война» әні, Дүйсенбаева Аружанның (ИЯK-18-04 т.) «Әлия» әні, Калашникова Таисия (ИЯС-18-01 т.) мен Досмагамбетов Нариманның (ИЯСК-18-01 т.) «Катюша» әні сол алыс күндердің демі мен күшті жан толқынысын жеткізе алды.
Соғыс жылдарының тақырыбын Балғынбаева Шолпан (ИЯК-17-02 т.), Корниенко Анастасия мен Надежда, Рипплингер Карина (ПДС-18-01 т.), Оразалин Азат (ПД-19-01 т.) өлеңдер оқып жалғастырды. Сонымен қатар, ИЯ-18-02 тобының студенттері Джангунакова Алика, Булаткулова Сания, Хабиев Ильяс (ПДТ-19-01 т.) тамаша қойылымдар дайындады.
Студенттер майталман аудармашылар, поэзиялық туындыларды оқушылар мен әндерді орындаушылар өздерін жақсы қырынан танытты. Бұл оқиға өте маңызды рухани құндылықтарға деген адалдықтың сабақтастығы ешқашан бұзылмайтынын көрсетті. Уақыт өтеді, бірақ фашизмді жеңген кеңес солдатының ерлігі мен батылдығы мәңгі ұмытылмайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram