Жемқорлыққа жол жоқ

Үстіміздегі жылдың қараша айының 12 жұлдызында қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Е.Жұпархан ҚТӘ-15-01 тобында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатындықтан, І курс студенттерімен түсіндірме және талқылау жұмыстарын жүргізу маңызды болып саналды. Студенттер «сыбайлас жемқорлық» ұғымымен, оның көріну үрдістері және кейінгі зардаптары сынды мәселелермен танысты. Сонымен қатар, кураторлық сағаттың мақсаты жастардың дүниеге, қазіргі қоғамда туындайтын мәселелерге деген жеке көзқарасын қалыптастыру, елімізде жемқорлық көріністерінің алдын алуға байланысты тұрақты ұстанымының қалыптасуына мүмкіндік жасау болып табылды.