Жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар

2015 жылдың 6 қазанында 2014 жылғы 11 қарашада бекітілген «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын» зерделеуге арналған «Еуразия және жастар» лекторийінің мәжілісі болды. Лекторий жұмысына институттың профессорлар-оқытушылар ұжымы мен студенттер белсенділерінің өкілдері қатысты. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова өз алғы сөзінде жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті, осы бағытта институтта өткізіліп жатқан жұмыстар жайында айтып кетті. Одан әрі мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қ.С. Қалдыбаев қатысушыларды 2014 жылғы 11 қарашада бекітілген «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының» негізгі ережелерімен таныстырды. Осы кафедраның аға оқытушысы А.С. Абельдинов өз сөзінде жемқорлық құқық бұзушылықтың құқықтық және қылмыстық аспектілеріне тоқталды. Кездесу сөз сөйлеушілердің жиналғандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және т.б. мәселелер жөніндегі сұрақтарына жауап берумен аяқталды.