Жетім балаларға психологиялық қолдау көрсету

«Педагогика» кафедрасының ерікті-психологтер тобы, аға оқытушы Ж.И. Пахрутдинованың жетекшілігімен қайырымдылық қызметінде жаңа бағыт бастады – ДЦП диагнозы бар жетім балаларға психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Осымен байланысты болашақ педагог-психологтер ағымдағы жылдың 30 қаңтарында, психологиялық және моральді қолдауға мұқтаж, өз қамқорлықтарындағы Жансаяға барды. Ерікті-психологтер онымен психологиялық кеңес өткізді, сауалнама жасады және алдағы кездесулердің психологиялық кеңесі жоспарын құрды.