ЖІК «ЕАГИ – игі істер аумағы» дәстүрін жалғастыруда
2021 жылғы 12 наурызда ЖІК белсенділерінің бастамасымен «JQSLR» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба барлық адамдарды мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге және бей-жай қалмауға шақырады!
Қайырымдылық іс-шарасын өткізу мақсатында ЖІК төрағасы Айнұр Шәкенова бастаған еріктілер тобы көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қажетті азық-түлікпен және қорғаныс маскаларының жиынтығымен қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, балаларды өзі тәрбиелеп отырған анаға мектепте оқитын қызына арналған киім-кешек пен кеңсе керек-жарақтарымен көмектесті.
Көмек қолын созып, осы жобаны бізбен бірге қолдағандардың барлығына алғыс айтамыз.
Біз бірге қайырымдылыққа сенім сыйлай аламыз!