ЖІК «ЕАГИ – игі істер аумағы» дәстүрін жалғастыруда

2021 жылғы 12 наурызда ЖІК белсенділерінің бастамасымен «JQSLR» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба барлық адамдарды мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге және бей-жай қалмауға шақырады!

Қайырымдылық іс-шарасын өткізу мақсатында ЖІК төрағасы Айнұр Шәкенова бастаған еріктілер тобы көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қажетті азық-түлікпен және қорғаныс маскаларының жиынтығымен қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, балаларды өзі тәрбиелеп отырған анаға мектепте оқитын  қызына арналған киім-кешек пен кеңсе керек-жарақтарымен көмектесті.

Көмек қолын созып, осы жобаны бізбен бірге қолдағандардың барлығына алғыс айтамыз.

Біз бірге қайырымдылыққа сенім сыйлай аламыз!