ЖІК жұмысын жандандыру бойынша семинар-тренинг

30-31 наурыз күндері ЕАГИ Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Тырнахан Нұргүл мен КЯЛ-14-02 тобының студенті Қуанова Набат Астана қаласы оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі комитетінің жұмыстарын жандандыру бойынша семинар-тренингке қатысты. Семинар-тренингті Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, Нұр Отан партиясы жанындағы Жас Отан жастар қанаты, Астана қаласының Жастар Мәслихаты ұйымдастырды. Семинарда пікір-талас, әртүрлі ұйымдардың қатысуымен дәрістер өтті. Әйгілі тілшілер мен блогерлер қатысты. Семинар соңында қатысушыларға дипломдар табыс етілді.