Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуразиялық форум

2023 жылғы 13 қазанда Максут Нарикбаев университетінде IQAA агенттігінің 15 жылдығына арналған жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі VI Еуразиялық форум өтті.

Форум жұмысына ЕАГИ ректоры А.Ж. Исмаилов, институт бөлімшелері мен ПОҚ басшылары қатысты.

Цифрландыру дәуірінде жоғары білім беруді трансформациялау мәселелері талқыланған форумда Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен шетелдік спикерлер баяндама жасады.