«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының II республикалық кезеңіне қатысуға ұсыным беру туралы Еуразия гуманитарлық институты комиссиясының шешімі

Еуразия гуманитарлық институтының «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының екінші республикалық кезеңіне қатысуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиясы сараптама тобының қорытындысымен және қоса берілген құжаттармен танысып, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Лаура Ноғайбекқызы Дәуренбекованы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының екінші республикалық кезеңіне қатысуға ұсыну туралы шешім қабылдады.