«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың инновациялық технологиялары» атты семинар басталды

2023 жылғы 16 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ЖОО оқытушыларына арналған «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың инновациялық технологиялары» тақырбындағы курсы басталды.

Курс аясында ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білімнің даярлау бағыттарының білім бағдарламалары бойынша оқытудың өзекті теориялық және әдістемелік мәселелері талқылануда. Курс бағдарламасы 72 сағатқа есептелген және инновациялық технологияларға негізделген.