«ЖОО-да критериалды бағалау: инклюзивті оқыту жағдайындағы мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел
2024 жылдың 27 қарашасында, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Инклюзивті қолдау орталығы және Онлайн оқыту департаментінің ұйымдастыруымен «ЖОО-да критериалды бағалау: инклюзивті оқыту жағдайындағы мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ-дің педагогика және тарих кафедрасының оқытушылары доцент Ж.Е. Турманова, PhD А.Т. Аязбаева қатысып, сертификат алды. Дөңгелек үстелде ЖОО ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың сапалы білім алуы мен кәсіби дайындығын бағалау мен бақылау бойынша маңызды сұрақтар талқыланды.