ЖОО-ның студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру саласындағы жобаларға конкурс туралы ереже

ЖОО-ның студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру саласындағы жобаларға конкурс туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1.1. ЖОО-ның студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру саласындағы жобаларға конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспар аясында өткізіледі.

1.2. Осы Ереже ұйымдастыру тәртібін, өткізу шарттарын және конкурс жеңімпаздарын анықтайды.

1.3. Конкурс ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті.

1.4. Конкурс мақсаттары:

– сыбайлас жемқорлыққа төзушілікті бейнелейтін құндылықтарды насихаттау, сақтау және нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемаларды зерттеуге бағытталған, оқитын жастарды шығармашылық және қоғамдық қызметтерге ынталандыру;

– жастардың қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселелеріне назарын аудару.

1.5. Конкурс міндеттері:

– студенттер мен магистранттарда белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру;

– жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және құқық мәдениетін арттыру;

– сыбайлас жемқорлыққа жағымсыз көзқарас қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыны дамыту.

  1. Конкурс өткізу шарттары

2.1. Конкурсқа студенттер және магистранттармен орындалған жұмыстар қабылданады.

Қонкурстық жұмыстар жеке немесе бірлескен авторлық болу мүмкін. Бірлескен авторлар саны үштен аспауы тиіс.

2.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

Номинация: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үздік бейнеролик»;

Номинация: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үздік идея (жоба)».

2.3. Шығармашылық жұмыстар электронды немесе қағаз түрінде қабылданады.

2.4. Конкурстық жұмыстар dagspk@mail.ru электронды поштаға немесе Конкурс ұйымдастырушының мекен-жайына (Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 33, 402 каб. Байланыс тел.: 76-79-46) жөнелтіледі.

2.5. Конкурстық жұмыстарға қатысушының тіркеу карточкасы қоса берілу қажет (№1 қосымша).

2.6. Конкурс ұйымдастырушысы конкурсқа келіп түскен жұмыстарды конкурс тақырыбы бойынша ұйымдастырылатын іс-шараларда қолдануға құқылы.

2.7 Конкурс ұйымдастырушысы конкурсқа келіп түскен электронды тасығыштарды және материалдарды қайтаруға кепіл бермейді.

  1. Конкурс өткізу мерзімі

3.1. Конкурс 2017 жылғы қазанның 30-нан қарашаның 30 дейін өткізіледі.

3.2. Конкурстық материалдарды қабылдау мерзімі – 2017 жылғы қарашаның 27 дейін.

3.3. Конкурстық материалдарын сараптаудан өткізу мерзімі – 2017 жылғы қарашаның 28-30.

3.4. Конкурс нәтижелері 2017 жылғы желтоқсанның 9-на дейін шығарылады.

  1. Конкурстық жұмыстарына қойылатын талаптар

4.1. Конкурсқа мемлекеттік немесе орыс тіліндегі Конкурс мақсаттары мен міндетеріне сай жұмыстар қабылданады.

4.2. Конкурстық жұмыстар келесі талаптарға сәйкес болу кажет:

Конкурстық идея (жоба) міндетті түрде мақсаттар мен міндетерді, мақсатты аудиторя, болжалды нәтиже, жалпы шығынды сипаттаумен презентация түрінде (PowerPoint бағдарламасында) болуы қажет.   Презентацияның құрамында мәтін және көрнекі материалдары 10 слайдқа дейін болу керек, дыбыспен сүйемелдеу құпталанады, бірінші слайд – титулдық: тақырыбы, автор туралы ақпарат (автордың Т.Ә.Ж., курсы, ЖОО);

Конкурстық бейнероликтың атауы, автор туралы ақпараты (автордың Т.Ә.Ж., курсы, ЖОО) болу керек. Бейнеролик әр-түрлі жанрларда болуы мүмкін. Музыкамен сүйемелдеуді, комментарийлерді қолдануға болады. Бейнеролик мәтіні Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы болмау керек.  Сөзсіз бейнеролик ұсынуға рұқсат етіледі, бірақ мәтін түсінікті болуы тиіс. Бейнеоролик *.avi, *.mp4 форматында болуы қажет. Бейнеоролик ұзақтығы – 3 минутқа дейін. Бейнеоролик Конкурс ұйымдастырушысының электронды поштасына жөнелтіледі немесе CD / DVD дискке жазылған түрінде ұсынылады.

4.3. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәкес келмейтін жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберлмейді. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды.

4.4. Плагиат анықталған жағдайда конкурстық жұмыс бағаланбайды.

  1. Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері

5.1. Конкурстық идеяны (жобаны) бағалау өлшемдері:

– мәтіннің конкурстың мақсаттары, міндетерді және талаптарына сәйкес болуы;

– жұмыстың уәждемелі күші, әлеуметтік маңыздылығы, позитивтілік;

– креативтілігі (идеяның жаңалығы, мәлелені шешуге өзіндік тәсілдеме, ойлау икемділігі);

– жұмыстың мазмұндылығы;

– идеяны (жобаны) іске асыру шындылығы, сонын ішінде оның жүзеге асыру үнемділігі.

5.2. Бейнероликті бағалау өлшемдері:

– бекітілген тақырыбының мазмұнына сәйкестігі;

– әлеуметтік маңыздылығы;

– мақсатты аудиторияның қабылдауы үшін қолжетімділігі;

– креативтілігі (идеяның жаңалығы, ерекшелігі, ойлау икемділігі);

– бейнеролик мазмұнының музыкалық сүйемелдеуіне және комментариясына (пайдалану кезінде) сәйкестігі;

– жұмыс мазмұндылығы, сюжеттің аяқталуы;

– бейнетүсірілімінің сапасы болып табылады.

  1. Конкурстық комиссияның жұмыс тәртібі

6.1. Конкурс өткізу үшін конкурстық комиссия құрылады (бұдан әрі – Комиссия) құрамына комиссия төрағасы және мүшелері кіреді.

6.2. Комиссия ұсынылған материалдарды қарау нәтижелері бойынша конкурс жеңімпаздарын анықтайды.

6.3. Осы Ереженің 5-бөліміне сәйкес әрбір критерий бойынша Комиссия мүшелері берген 1-ден 10-ға дейінгі жалпы ұпай санын негізінде номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау жүргізіледі. Өз номинациясы бойынша ең көп ұпай санын жинаған конкурстық жұмыстар жеңімпаз болып табылады.

6.4. Комиссия шешімі отырыста қатысқан мүшелерінің жалпы санының 50 пайыздан кем емес болған жағдайда заңды болады.

6.5. Ұпай саны тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

6.6. Комиссия шешімі Комиссия төрағасы және барлық мүшелерімен қол қойылған хаттамасымен рәсімделеді.

  1. Жеңімпаздарды марапаттау

7.1. Байқаудың әр номинациясы бойынша бір жеңімпаз және екі жүлдегер анықталады.

7.2. Конкурстық комиссиясының өз қалауы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер санын өзгертуге құқығы бар.

7.3. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

7.4. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен орны туралы ақпараттандыруды Конкурс ұйымдастырушысы жүзеге асырады.

7.5. Конкурстың үздік жұмыстары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті сайтында жарияланады.

ЖОО-ның студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру саласындағы жобаларға конкурс туралы ережеге 1 қосымша

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕУ КАРТОЧКАСЫ

ЖОО-ның студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру саласындағы жобаларға конкурс

Т.Ә.Ж.
Оқу орнын атауы, факультет, курс
Оқу орнын мекенжайы  
Байланыс телефоны  
Электронды пошта  

Информация о конкурсной работе

Номинация