ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2022

2023 жылғы 24 ақпанда «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» Республикалық байқауының жеңімпаздарына наградалар табыстау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімді Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек ашып, байқау лауреаттарын құттықтап, республиканың педагогикалық қоғамдастығына сөз сөйлеп, жоғары мектеп қызметінің негізгі басымдықтардың бірі – зерттеу экожүйесін қалыптастыру және ғылыми әлеуетті арттыру жолдары туралы атап өтті.

«ЖОО-ның 2022 жылғы үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы – қазақ және орыс филологиясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Г.Ш. Бекеноваға құрмет көрсетілді.

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы Г.Ш.Бекеноваға қазақстандық жоғары білім беру міндеттерін шешу ісінде жаңа кәсіби биіктерге жетуді тілейді.