Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық туралы жалпы ақпарат
Болон декларациясы принципінің біріне жататын, академиялық ұтқырлықтың дамуы арнаулы индикатордың бірі болып табылады.
Еуразия гуманитарлық институтында академиялық ұтқырлық келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
- 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ҚРЗ «Білім беру туралы» (13.02.2012 ж. өзгертулерімен және толықтыруларымен);
- Білім берудің кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережелері (ҚР БҒМ 02.06.2014 жылғы №198 бұйрығы);
- Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім алушылардың академиялық ұтқырлықтарын ұйымдастыру туралы» нұсқаулық хаты;
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (2008 жылғы 19 қарашасындағы № 613) «Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық аясында, оқуға бағыттау Ережесін бекіту туралы» Бұйрығы (31.03.2015 ж. өзгертулерімен).
Білім алушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы жоғары және екінші жоғары білім берудің жақсаруына, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, басқару жүйесінің жетілдірілуіне, сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстың орнығуына, Еуразия гуманитарлық институты миссиясының орындалуына негіз болады.
Сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық былай ажыратылады:
Сыртқы академиялық ұтқырлыққа білім алушылардың шетел ЖОО-да оқулары, оқытушылардың шетелде білім беретін және ғылыми-зерттеу мекемелерінде жұмыс істеулері жатады.
Ішкі академиялық ұтқырлыққа білім алушылар және оқытушылар мен қызметкерлердің Қазақстанның ЖОО-да білім алып, жұмыс істеулері жатады.
ЕАГИ-де білім алушылардың академиялық ұтқырлығы
ECTS типі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық жүйесі
Оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы
Серіктес ЖОО
Арыздарды беру тәртібі және толтыруға арналған формалар
Жаңалықтар