A Present for the 25-th Anniversary of Independence of the Country

The literary – creative association «Акку» edited the collection of poems: «Еркіндік қыраны» as a present for the 25-th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan from the Eurasian Humanities Institute.

The collection includes the poems of the students and graduates of EAGI – about 130 works of 22 authors.

 

 

ТАРИXЫМ БАР ТАҢБАЛЫ

Заманда жау көбейіп, дос кеміген,
Жолынан адаспаған көш керуен.
Алмас қылыш секілді Алаш жұрты,
Сескенбеген ажалсыз аш бөріден.

Мың қыстық тауқыметтен шыққан аман,
Қаймықпай тас қамалын тік қалаған.
Бабалар қанын төгіп, жанын беріп,
Ұлы жолда қазақтай ұлт қалаған.

Бейбіт күн ер ерлігін ұғынар күн,
Білейік намыс пенен құнын ардың.
Ұлтарақтай жеріміз аман қалды,
Ұлан асыр ерлігімен ұлылардың.

Алаштың бағы менен құты бірге,
Бұйырып, айналдық ғой бүтін үнге.
Осы күнге тәңірге тәубе деймін,
Түзу шығып келеді түтінім де!

Жомарт ОРАЗОВ
ҚТӘ-14-01 тобының студенті

БОСТАНДЫҒЫМ

О, Жасаған, бақ-нұрым тамса көктен,
Сенің арқан -
Шерімді шаттығымнан алшақ еткен,
Бақытымның бастауы – Бостандығым!
Қайран қара шалдарым аңсап өткен...

Көз салсам кеспіріне көне күннің,
Қара шықтан жас ыршып көп егілдің
Өксітіп осып-осып өткен жон арқадан
Қара таяқ табы кетпес төре жылдың

Жанарынан даламның мұңды көрдім.
Қабағынан бабамның зілді көрдім.
Сағағына кептелген сырды көрдім.
Ошағының оты өшкен күнді көрдім.
Үркердей ел үрке босып кеткен шақта,
Көмейінде күрсінген жырды көрдім.
Сонда менің бебеулеп тұрды көңілім..

Ақ Таң туып түзеттің, хош, хәліңді!
Бұқара дербестігін патша қылды.
Келместің кемесімен кетті сүңгіп,
Қара құс саңғыған түн аспаныңды...

Белінен бодандықтың өткен ел бұл,
Еркіндікке зарлы жас төккен ел дүр,
Ұрпағының күлім көз қуанышы
Ата-баба қанынан көктеген гүл!..

Тәңірдің тартуы еді ұлы азаттық,
Жанымның ар-туы еді мына азаттық.
Әділдіктің жолында шейіт болған
Боздақтар рухына шыра жақтық.
Бөбектің ұйқысының бейбіттігін
Жаратқаннан сұраймын мінәжат қып...

Шуағың төк, жарығым,тұтылма аспан!
Мамыр заман, бейнеме бітім қосқан..
Алып таулар тыныштық сақшысындай
Аумасын деп тілеп тұр құтым бастан..

Ислам ӘБДІРАХМАНОВ
ҚТӘ-16-01 тобының студенті