WEALTH of the XXI-st CENTURY

School-gymnasium No. 30 of Nur-Sultan city and the Department of the Kazakh and Russian Philology of the Eurasian Humanities Institute organized a distance competition of essays on the theme “Wealth of the XXI-st century”. On the results of the competition the following pupils and students were awarded with Gratitude Letters on behalf of the administration of the school and the Institute:

  1. Fimbetova Aray – the pupil of the 9-th “A” grade. The supervisor: Medetbekov Kainar Kairatovich;
  2. Sadyhan Daru – the pupil of the8-th “A grade. The supervisor: Ontayeva Kamshat Askarovna;
  3. Zeinullayeva Aimaral – the pupil of the 9-th “A” grade. The supervisor: Kokesheva Anargul Ilyukenovna;
  4. Saipkuran Amina – the pupil of the 8-th “D” grade. The supervisr: Parassat Magauyanovna;
  5. Sekretova Zhanel – the pupil of the 10-th “A” grade. The supervisor: Kokesheva Anargul Ilyukenovna;
  6. Tassubayeva Tomiris – the pupil of the 8-th “A” grade. The supervisor: Ontayeva Kamshat Askarovna;
  7. Kukambekova Nurila – the student of the 1-st course of the educational program: “The Kazakh language and Literature”;
  8. Seraly Zhadyra – the student of the 1-st course of the educational program: “The Kazakh language and Literature”;

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Нұр-Сұлтан қаласы, № 30 мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып оқушысы Тасубаева Томирис. ⠀ Эссе “XXI ғасыр байлығы” ⠀ Қазіргі таңда “байлық” деген ұғымды рухани және материалдық деп ажыратуға болады. Өкінішке орай, кейбір адамдар бүгін материалдық байлықты бірінші орынға қойып, көп нәрсені көк қағазбен өлшейтін болды. Бірақ, менің ойымша, материалдық байлыққа ұмтылу барысында адамдар адамгершілік құндылықтарды ұмытып кетті. Рухани байлық көздерін көбейтудің маңызды екені анық. Себебі қоғамның басты байлығы-адам. Адам бойындағы ең асыл қасиет-адамгершілік. Адамгершілік—бұл рухани тәрбие. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі», — деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз – өзін сыйламайды. Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге болады деп есептеймін. Сонымен, рухани байлық – адамның өмірін қоршаған орта, тіршілік аясымен тұтастыратын және оның мақсат-мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Қорыта келе, мәдени-адамгершілік білімі бар адам өзіне ғана емес, қоғамға да, қоршаған ортаға да пайдасын тигізіп, әлдеқайда көп жетістіктерге жете алады. Менің ойымша, XXI ғасырдың байлығы-ол осындай адамдар неғұрлым көп болса, біздің еліміз соғұрлым бай және бақытты болады. @eagi_life @shkola_30nur_sultan #ЕАГИ #30МГ #Эссе #XXIғасырбайлығы #30ШГ #eagi #eagilife

Публикация от (@tommiiriss)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Нұр-Сұлтан қаласы, № 30 мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып оқушысы Садыхан Дару. Эссе “ХХІ ғасыр байлығы” ХХІ ғасыр – бай ғасыр, алдыңғы ғасырлардан бастау алған білім мен техниканың дамып, заман ағымының кең әрі үздік, тиімділігі мол арнаға ойысқан дәуірі. Бұл “алтын ғасырдың” байлығы – жаңалықтар мен мүмкіндіктер: білім саласында, техникада, мемлекеттер арасында және т.б. Аталмыш ғасырда ізденістің, еңбек пен құлшыныстың арқасында терең білімдер игеріліп, іс жүзінде пайдаға асып, өмір қозғалысы жеңілдеуде. Техника тұрғысынан алып қарасақ, жаңалықтар өте көп: 1. Елімізде компьютер қолжетімділігі артып, ноутбуктар таралымы өсті; 2. Ғаламтор желісі дамыды; 3. Ұялы телефондар қолданысқа түсті; 4. Wi-fi сымсыз желісі пайда болды; 5. Карталық төлемдер іске қосылды. Қазіргі таңда үйде отырып-ақ төлем жасауға болады. Ал білім беруде бұл ғасырдың қосқан үлесі өте мол: 1. Интерактивті тақта пайда болды. Ол оқушылардың қызығушылығын тудырып, білімге деген ынтасын арттырды; 2. Жоғарғы оқу орындарында академиялық ұтқырлықпен шетелге шығып, білім алмасу мүмкіндігі артты; 3. Электронды кітапханалар іске қосылды; 4. Электронды күнделік пайда болды; 5. Онлайн оқыту, қашықтан оқыту секілді жаңа жүйелер қалыптасты. Айналып келгенде, мұның бәрі білім мен ғылымның арқасында жүзеге асып жатқан дүниелер. Білім, ғылым болмаса, жаңалық та, жаңа техника да болмақ емес. Қазіргі жағдаймен түсіндірсек: әлемге таралған COVID-19 вирусына қарсы екпе табу үшін әлемдік зерттеушілер аянбай еңбек етуде. Бұл-тұнып тұрған ғылым. Дәрігерлер игерген білімдерінің арқасында адам өмірі үшін күресіп жатыр. Қорыта айтар болсам, білім мен ғылым- қай ғасыр, қай заман болсын, өз маңыздылығын жоғалтпайтын ең басты байлық. @eagi_life @shkola_30nur_sultan #ЕАГИ#eagi#eagilife #30МГ#Эссе#ХХІғасырбайлығы

Публикация от в погоне за красивым профилем. (@sadykhan_d)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Нұр-Сұлтан қаласы,нөмірі 30 мектеп-гимназиясының,9″А” сынып оқушысы,Аимбетова Арай.Эссе “ХХІ ғасырдың байлығы”. 21 ғасыр. Бұл сөзді естігенде ойымызға не түседі? Әрине,жаңа заман, ғылыми революция, технология, жаңа жаңалықтар ,еуропалық сана, буржуазиялық мәдениет. Ал бұның барлығы біздің заманымыздың байлығы емес пе?! Неге дейсізбе ,себебі 21 ғасыр бұл әр адам баласының өзінің ойлау қабілеті мен ішкі түйсігінің арқасында әлемнің қыр сырын ,бар құпиясын біліп,жаңадан өзгерістер мен жаңалықтар ашудың нағыз кілті десек те болады. Технология, бұл да біздің қазіргі таңдағы нағыз құнды байлығымыз десек артық болмас. Әр елдің түкпір түкпірінде күн сайын технологияның арқасында неше түрлі гаджеттер,ұялы телефондар,роботтар, тағы да басқа ғажап дүниелер шығып жатыр. Мысалға,өз мемлекетіміз яғни Қазақстанның өзін алсақта , EXPO-2017 көрмесі. Бұл көрмеге қаншама дарындылар өз көмегін тигізді. Көрмеге барған адамдар өз көздерімен көптеген технологияларға көздерін жеткізді. Тағы да <<цифрлық қазақстан>> бағдарламасы да бар емес пе? Міне,айта берсем сөз жетпейтін секілді. Қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам,жоғарыда айтылған барлық нәрсе біздің заманымыздың байлығы. Біз осы байлықтарымызды жоғалтпай, керісінше оларды одан әрі дамытып,болашақ жастарымыз мақтан тұтарлықтай етіп жүзеге асыруымыз керек дегім келеді. @eagi_life @shkola_30nur_sultan #еаги #ЭССЕ #30мг #еаги

Публикация от aimbetooovaaaa (@araipuk)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Нұр-Сұлтан қаласы, нөмірі 30 мектеп-гимназиясының, 9″А” сынып оқышысы Зейнуллаева Аймарал. Эссе “XXI ғасыр байлығы” “XXI ғасыр байлығы” дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабын табу үшін, ең алдымен “XXI ғасыр” және “байлық” атты ұғымдардың мағынасын ашып алсақ. XXI ғасыр – ол білім мен мәдениеттің, техника мен өнердің бәсекеге түскен кезеңі. XXI ғасырдың өз жағымды да, әрі жағымсыз жақтары бар. Жағымды жақтарына, іздеген затыңызды кез келген уақытта ғаламтордан ашып таба аласыз. Яғни, техника жоғарғы деңгейде дамыған. Ал осы ғаламторда көп отырамыз деп, өз мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді ұмытып, тіпті, денсаулығымызды құртып алуымыз, жағымсыз жағына жатады. “Байлық”. Байлықты адамдар әрқалай түсінеді. Біреуі байлық – ол менің ақшам, мал-мүлкім, үйім, әрі көлігім деп түсінсе, ал біреуі, байлық – ол менің отбасым, денсаулығым мен қиын-қыстау сәтте жанымнан табылатын, достарым, жаныма жақын адамдарым деп таниды. Әрине, қандай да жағдай болмасын, әрқашан жақын адамдарыңның саған берер жылуымен, кіршіксіз пәк махаббатын ештеңе алмастыра алмайды. Бірақта, ақшаңызсыз сіз ешкім емессіз, ештеңе де істей алмайсыз. Осыны естен шығармау керек. Бұл заман талабы және сіз бұл нәрседен ешқашан бастарта алмайсыз. Себебі, сіз осы заманда өмір сүріп жатырсыз, әрі осыған мойынсұнуыңыз қажет. Бұл сөздерімді жоққа шығаратындар үшін айтарым мынау. Сіз қай жерге барсаңыз да, сізден міндетті түрде ақша талап етіледі. Денсаулығыңыздың мықты болғанын қалайсыз. Ал емделуге ақша керек. Жұмысқа тұрып, табысты болғыңыз келсе, оған да ақша мен таныс керек. Үйің мен көлігіңнің болғанын қалайсыз ба? Оған да ақша керек. Сондықтан, қиын болса да, ақшаның бізге қай жерге барсақта, ауадай қажет екенін мойындауымыз керек. Мен “XXI ғасыр” мен “байлық” ұғымдарының мағынасын ұштастыра келе, мынадай қорытынды ойға келдім. XXI ғасырдың байлығы дегеніміз ол ең алдымен жақындарымыз, денсаулығымыз, сонымен қоса ақшамыз! @eagi_life @shkola_30nur_sultan #ЕАГИ #еаги #30МГ #30мг #эссе #Эссе #xxiғасырбайлығы #XXIғасырбайлығы

Публикация от Aimaral Zeinullaeva (@zeinullaevaaa)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

ХХІ ғасыр байлығы Мен Сайпкуран Амина №30 мектеп-гимназиясының 8 «Г» (оқыту қазақ тілінде емес) сынып оқушысымын. Бұл эссені қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рақымберлі Парасат Мағауияқызымен бірлесе отырып, қашықтан білім алу аясында жаздық. Эссемді бастамас бұрын, өз сөзімді Елбасымыздың «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін болашақ үшін жасалуда»,-деп Қазақстан азаматтарына жолдаған үндеуінен бастағым келеді. Иә, шыныменде «ХХІ-ғасырдың басы біздер үшін жаңа заман болып табылады»,-деп үйде атам үнемі бізге айтып отырады. Қазіргі өскелең ұрпақ жан-жақтан құйылып жатқан ақпараттар мен дербестік заман өмір сүріп жатыр. Сондықтан, бұл әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрену қажет деп есептеймін. Оқыған кітаптарымның бірінде Неміс философы И.Кант мынадай тәлімгерлік мысал келтіреді. Ағылшын королі І Яковке кезінде оны тәрбиелеп өсірген күтуші әйел менің баламды джентельмен етіп шығаршы, сенің қолыңнан келеді ғой деп өтініш айтады. Бұған король бұл менің қолымнан келмейді, мен оны граф ете аламын, ал джентельмен болу – оның өз ісі, – деп жауап береді. Сол сияқты ұстаз баланы үздік оқушы ете алмайды. Оның қолынан келетіні – оқушыға қажетті білімді беріп, оны оқуға ынталандыру. Әңгіме жай білуде, жаттап алуда емес, білгенді түсінуде, игеруде, бойға сіңіруде. Сондай білім ғана ертең пайдаға асады. Көп нәрселерді танып, біліп қою жеткіліксіз, оларды түсіну керек,-дейді. Қорыта айтқанда, ХХІ ғасыр байлығы – дербестік пен білімде. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. #ЕАГИ #30МГ #Эссе #ххіғасырбайлығы @eagi_life @shkola_30nur_sultan #ЕАГИ #еаги #30МГ #30мг #эссе #Эссе #xxiғасырбайлығы #XXIғасырбайлығы

Публикация от (@saipkuran)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

XXI ҒАСЫР БАЙЛЫҒЫ Мен Кукамбекова Нурила Еуразия гуманитарлық институтының Қазақ тілі әдебиеті мамандығы пәнінің1курс студенті. Жалпы байлықты біз қалай түсінеміз? Қанша адам болса сонша пікір ой болатыны айдан анық. Сол сияқты “байлық” ұғымында да әр жан әр қалай түсінеді. Біреулері қолымызға уыстап алып, оңды – солды шашатын жасыл қағаз десе, енді бірі көргенде көзіңіз шарасынан шығардай кейіпте қалдыратын зәулім үйлер мен қымбат көліктерді атар еді. Тағы біреулері , қолымызға ұстап, бірге ұйықтап, бірге оянатын сымсыз гаджетті айтар. Заман дамыған сайын байлықтың да өлшемі өзгеруде. Ертеректе байлықты отар-отар қой мен үйір – үйір жылқыға теңеді бәз біреулер. Қазір біз “кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейдінің” күнін кешудеміз. “Байлық” ұғымы материалдық қажеттілік төңірегінен шыға алмай жүр. Менен сұрасаңыз, Байлық-бастың амандығы, бауырдың бүтіндігі, ата-анамыздың қасымызда болуы дер едім. “Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті деп” – деп Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден – бір кепіл. Білімсіз адам да, мемлекетте де өркендемесі анық. Сол себепті білім – жиырма бірінші ғасырдың байлығы деп білем. #ЕАГИ #30МГ #ЭССЕ @eagi_life @shkola_30nur_sultan @a.e.alimbaev

Публикация от Nurila (@nurcuddles)