А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Асқарова Салтанат және Бимат Диана

Асқарова Салтанат пен Бимат Диана ("Қаржы", 2 курс): біз академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысып, көктемгі семестрде Алматы қаласының"Тұран" Университетінде оқыдық. Алғашқы күндерден бастап бізді жақсы қарсы алды. Оқу процесін бастамас бұрын біз оқытушылар құрамымен танысып, бірден топқа қосылдық. Бізді мықты оқытушылар құрамы қуантты.

"Тұран" университетінің студенттері университет пен қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Біз "Жас Отан" партиясының жұмыс процесіне қатысып, ҚР Ұлттық Банкіне барып, түрлі конференцияларға қатысып, көрнекті тұлғалардың дәрістерін тыңдадық.

Топпен бірге біз қаланың барлық көрікті жерлерін көрдік. Алматы – ертегідей қала. Осындай мүмкіндік үшін біздің институтқа алғысымызды білдіреміз.

Прокрутить вверх