[bvi text="Версия для слабовидящих"]
Біз туралы
Басшылық
010009, Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Алматы ауданы
М.Жұмабаев даңғылы, 4.
Ныгыманова Нұрбану Төкенқызы
Ғылыми атағы:
Профессор
Ғылыми дәрежесі:
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Лауазымы:
Ректор
Азаматтарды қабылдау уақыты
сейсенбі 15.00-18.00; бейсенбі 15.00-18.00
Мекенжайы
Ректорат, 3 қабат
Телефон
+7 7172 561 933
Толығырақ
1999 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
«Бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын бітірген.
Педагогикалық қызметін 2004 жылы Еуразия гуманитарлық институтында аға
оқытушы ретінде бастаған. 2011 жылы доцент, содан кейін профессор атағы
берілді. Н.Т. Ныгыманова жоғары мектеп, бастауыш мектеп педагогикасы,
педагогика және этнопедагогика тарихы мәселелері бойынша 60-тан астам
ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады.
2021 жылдан – А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
педагогика кафедрасының меңгерушісі. Н.Т. Ныгыманованың басшылығымен
білім беру бағдарламалары үнемі жетілдіріліп отырады, Түркия, Өзбекстан,
Ресей және т.б. университеттерімен халықаралық байланыстар жолға
қойылған, сондай-ақ жұмыс берушілермен байланыс нығая түсуде.
Қазіргі уақытта А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ректоры міндетін атқарушы.
Н.Т. Ныгыманова институтты дамытудың басым бағыттарын және оның ұзақ
мерзімді стратегиясын айқындайды, білім беру мен ғылыми қызметтің жоғары
сапасын, инновацияларды енгізуді және ғылыми жобаларды қолдауды,
халықаралық ынтымақтастықты дамытуды және ЖОО имиджін ілгерілетуді,
ресурстарды ұтымды бөлуді, оқыту үшін қолайлы орта құруды қамтамасыз
етеді.
Жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша жемісті ғылыми және
педагогикалық еңбегі үшін Н.Т. Ныгыманова Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің Алғыс хатымен, ҚР жоғары оқу орындары
қауымдастығының А. Байтұрсынов медалімен марапатталды.
Нургалиева Салтанат Жақайқызы
Ғылыми атағы:
Доцент
Ғылыми дәрежесі:
экономика ғылымдарының кандидаты
Лауазымы:
Академиялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор
Азаматтарды қабылдау уақыты
сәрсенбі 15.00-18.00; жұма 11.00-14.00
Мекенжайы
Ректорат, 3 қабат
Телефон
+7 7172 561 933
Толығырақ
Нургалиева Салтанат Жақайқызы — экономика ғылымдарының кандидаты, доцент. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған.
Кәсіби қызметін мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде бастаған. 1999–2003 жылдары Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша Салық комитетінде бас маман, салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі және аудит бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2003–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кәсіби қызметін жалғастырып, бөлім басшысы және басқарма басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап С.Ж. Нұрғалиеваның кәсіби қызметі жоғары білім беру жүйесі және университеттік басқарумен байланысты. 2019–2021 жылдары Инновациялық Еуразия университетінің Бизнес, білім және құқық факультетінің деканы қызметін атқарды. 2021–2022 жылдары Павлодар педагогикалық университетінің Әкімшілік департаментінің директоры және ректор аппаратының басшысы болды. 2022–2026 жылдары «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ корпоративтік хатшысы қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта С.Ж. Нұрғалиева А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының академиялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры қызметін атқарады.
С.Ж. Нұрғалиеваның кәсіби қызығушылықтары жоғары білім беру ұйымдарын стратегиялық басқару және дамыту, академиялық қызмет, корпоративтік басқару, қаржы-экономикалық менеджмент, білім сапасын қамтамасыз ету, институционалдық даму және басқару үдерістерін жетілдіру мәселелерін қамтиды.
С.Ж. Нұрғалиева стратегиялық менеджмент, корпоративтік басқару, жоғары білім сапасын қамтамасыз ету және көшбасшылық салаларында кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырып келеді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Жоғары білім беру ұйымдарындағы стратегиялық менеджмент» және «Инновациялық өзгерістер жағдайында жоғары оқу орны оқытушысының кәсіби даярлығын дамыту» бағдарламалары бойынша, сондай-ақ Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің (IQAA) мамандандырылған аккредиттеу аясында жоғары оқу орнының өзін-өзі бағалау есебін дайындау бағдарламасы бойынша оқудан өтті.
Корпоративтік басқару саласында «Заманауи корпоративтік хатшының жүйелік дағдылары», «КеАҚ (АҚ) Директорлар кеңесінің қызметін тиімді ұйымдастырудағы корпоративтік хатшының рөлі» бағдарламалары, сондай-ақ тәуелсіз директорлардың қызметі, ESG және тұрақты даму, Директорлар кеңесі мен Басқарманың өзара іс-қимылы, корпоративтік хатшы мен омбудсмен қызметі мәселелері бойынша мамандандырылған оқудан өтті. 2024 жылы Ұлттық корпоративтік басқару академиясының BID NACG тәуелсіз директоры куәлігін алды.
2026 жылы халықаралық ынтымақтастық және үздіксіз білім беру аясында «Заманауи ұйымдардағы стратегиялық басқару және көшбасшылық» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды (Финляндия).
Ескалиев Самат Амангельдинович
Ғылыми атағы:
Профессор
Ғылыми дәрежесі:
Тарих ғылымдарының кандидаты
Лауазымы:
Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор
Азаматтарды қабылдау уақыты
дүйсенбі 15.00-18.00; жұма 11.00 - 14.00
Мекенжайы
Ректорат, 3 қабат
Телефон
+7 7172 561 933
Толығырақ
Ескалиев Самат Амангелдіұлы — тарих ғылымдарының кандидаты, профессор. 1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих және мемлекеттік құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000 жылы 07.00.02 — «Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)» және 07.00.09 — «Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері» мамандықтары бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.
Ғылыми-педагогикалық қызметін Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында бастап, оқытушыдан профессор және факультет деканына дейінгі кәсіби жолдан өтті. Әр жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде, Astana IT University және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында қызмет атқарды.
Қазіргі уақытта С.А. Ескалиев А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры қызметін атқарады.
С.А. Ескалиевтің ғылыми қызығушылықтары Қазақстан тарихы, тарихнама, деректану, тарихи зерттеулер әдіснамасы, сондай-ақ тарихты оқыту және тарихи білім беру мазмұнын жетілдіру мәселелерін қамтиды. Қазақстан, Ресей, Қытай, Швеция және Түркия елдерінде өткен республикалық және халықаралық конференциялар мен симпозиумдар материалдарында және ғылыми басылымдарда жарық көрген 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. 2 монография, 4 оқу-әдістемелік құрал жариялаған, ғылым туындыларына авторлық құқық объектілерін мемлекеттік тіркеу туралы 4 куәлігі бар.
С.А. Ескалиев ғылыми-сараптамалық және қоғамдық қызметке белсенді қатысады. 2022 жылдан бастап Астана қаласы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу комиссиясының мүшесі. «Жалпы білім беретін және орта арнаулы оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту тұжырымдамасы» жобасының үйлестірушісі және әзірлеушісі. Орта білім беру мазмұнын жетілдіру және Қазақстан тарихы бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық жұмыс тобының мүшесі, сондай-ақ 2023–2026 жылдары педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын сараптау жөніндегі республикалық сараптамалық кеңестің мүшесі. «Ұлттық құндылықтар академиясының» корреспондент-мүшесі.
Білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін С.А. Ескалиев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен (2006), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2010), сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындары ректорларының алғыс хаттары және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Оспанов Сұлтанбек Сағымбайұлы
Ғылыми атағы:
Профессор
Ғылыми дәрежесі:
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Лауазымы:
Әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор
Азаматтарды қабылдау уақыты
сәрсенбі 15.00-18.00; сенбі 11.00-14.00
Мекенжайы
Ректорат, 3 қабат
Телефон
+7 7172 562 171
Толығырақ
Оспанов Сұлтанбек Сағымбайұлы — педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ білім академиясының корреспондент-мүшесі.
Аспирантураны аяқтағаннан кейін ғылыми-педагогикалық қызметін Ақмола университетінде бастап, аға оқытушы, доцент, факультет деканы және проректор лауазымдарына дейінгі кәсіби жолдан өтті. 1995–1998 жылдары «АҚҚУ» жеке тәуелсіз институтының ректоры қызметін атқарды. 1999–2001 жылдары Еуразия гуманитарлық институтының ректоры болды.
2002 жылғы ақпаннан бастап С.С. Оспанов А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры қызметін атқарады.
Басқарушылық қызметі аясында С.С. Оспанов институттың қаржылық және материалдық ресурстарын басқару, бюджетті жоспарлау және бақылау, шаруашылық қызмет, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, білім алушылар мен қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық қолдау мәселелеріне жетекшілік етеді. Сондай-ақ оның жауапкершілік саласына білім алушылардың жатақханада тұруын ұйымдастыру, институт инфрақұрылымын дамыту және тиімді білім беру мен еңбек қызметіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету кіреді.
С.С. Оспановтың ғылыми-педагогикалық қызығушылықтары педагогика, білім беру үдерісінің тәрбиелік құрамдас бөлігі, жастарды азаматтық және патриоттық тәрбиелеу, білім алушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру мәселелерін қамтиды. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
Көпжылдық жемісті ғылыми-педагогикалық қызметі және білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін С.С. Оспанов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» және «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «Астанаға 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы алтын медалі және орденімен марапатталған.
Темиргалиева Айгуль Сержановна
Ғылыми атағы:
-
Ғылыми дәрежесі:
-
Лауазымы:
Цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректор
Азаматтарды қабылдау уақыты
дүйсенбі 15.00-17.00;
четверг 15.00-17.00
Мекенжайы
№ 2 оқу ғимараты,
1 қабат
Телефон
+7 7172 459 541
Толығырақ
Темиргалиева Айгүл Сержанқызы — экономика ғылымдарының магистрі. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің экономика факультетін тәмамдаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторантурасында білім алған.
Оқытушылық қызметін Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте оқытушы лауазымынан бастаған.
2019 жылдан бастап А.С. Темірғалиеваның кәсіби қызметі А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтымен байланысты. Әр жылдары Қашықтықтан білім беру технологиялары орталығының басшысы және Цифрлық даму және ақпараттық технологиялар орталығының басшысы қызметтерін атқарды.
Қазіргі уақытта А.С. Темиргалиева А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректоры қызметін атқарады.А.С. Темиргалиеваның ғылыми және кәсіби қызығушылықтары экономика, жоғары білім беруді цифрландыру, заманауи ақпараттық технологиялар мен инновациялық шешімдерді білім беру үдерісіне енгізу мәселелерін қамтиды. Өзекті экономикалық мәселелер бойынша 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.
Басқарушылық қызметі аясында А.С. Темиргалиева институттың цифрлық трансформациясын, заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуді, ақпараттық инфрақұрылымды дамытуды және білім беру үдерісін жаңғыртуды үйлестіреді. Білім беру қызметінің тиімділігін арттыру және институттың басқару үдерістерін жетілдіру мақсатында цифрлық құралдарды қолдануға ерекше көңіл бөледі.
Сандыбаева Айгуль Талгатовна
Ғылыми дәрежесі:
-
Ғылыми атағы:
-
Лауазымы:
Тәрбие ісі жөніндегі проректор
Азаматтарды қабылдау уақыты
сейсенбі 15.00-18.00;
жұма 15.00-18.00
Мекенжайы
бас ғимарат, 2 қабат
Телефон
+7 7172 496 191
Толығырақ
Сандыбаева Айгүл Талғатқызы — педагогика ғылымдарының магистрі. 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Филология» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдаған. 2011 жылы педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2017 жылы «Түркітану» бағыты бойынша PhD докторантурада оқуын аяқтады. Ғылыми тағылымдамадан Эгей университетінде (Түркия) өтті.
Кәсіби қызметін 2008 жылы Павлодар қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастады. Кейін Павлодар қалалық мәслихатында және Астана қаласындағы Балалар үйінде мемлекеттік тіл бойынша аудармашы және әдіскер қызметтерін атқарды. Сондай-ақ «ҚазТрансОйл» және KEGOC ұлттық компанияларының қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту курстарын жүргізді.
2011 жылдан бастап А.Т. Сандыбаеваның кәсіби қызметі А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтымен байланысты. Әр жылдары қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, «ЕАГИ-Білім» оқу орталығының басшысы, академиялық ұтқырлық және серіктестік жөніндегі үйлестіруші қызметтерін атқарды.
Қазіргі уақытта А.Т. Сандыбаева А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры қызметін атқарады.
А.Т. Сандыбаеваның ғылыми және кәсіби қызығушылықтары түркітану, тіл саясаты және мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі, аударматану және терминология, қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері, сондай-ақ көптілді білім беру мәселелерін қамтиды. Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы және ғылыми жарияланымдардың авторы.
Басқарушылық қызметі аясында А.Т. Сандыбаева білім алушылардың тұлғалық дамуы мен құндылық бағдарларын қалыптастыру, жастар саясатын іске асыру және институттың тәрбие ортасын дамыту бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді. Оның жауапкершілік саласына мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, тәрбиелік және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ білім алушылардың әлеуметтік, қоғамдық және шығармашылық белсенділігіне жағдай жасау кіреді.