А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Кафедра туралы

Мекен-жайы: Астана қ., Жұмабаев даңғылы 4, бас ғимарат, каб. 406
Тел.: 8(7172) 56-21-27
E-mail: kafedra_krf@mail.ru


Кафедра меңгерушісі –Райнбекова Гүлмира Сайлаубайқызы.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 6В017 — «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» (6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті») – білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврларын даярлаушы кафедра болып табылады. Кафедра «Аударма iсi», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi», «Құқықтану», «Қаржы», «Педагогика және психология», «Тарих», «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» білім беру бағдарламаларында да жалпы білім беру, базалық, кәсіпкерлік циклдерге жататын пәндерден теориялық және практикалық курстарды жүргізеді.

Профессор Қ.А. Мамаділдің жетекшілігі кезеңінде білім беру бағдарламалары жаңартылып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты кеңейтілді, сондай-ақ кафедраның білікті филолог мамандар даярлайтын жетекші құрылым ретіндегі орны айқындалды. Осы жылдары кафедра қазақ тілі мен әдебиетін дамытуға бағытталған ғылыми конференциялар, шығармашылық жобалар мен мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыратын маңызды ғылыми ортаға айналды.

Уақыт талабына сәйкес кафедраның құрылымы мен қызмет бағыттары жетілдіріліп, бүгінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы атауымен жұмыс істейді. Кафедра ұлттық құндылықтарды, мәдени мұраны және заманауи ғылыми жетістіктерді сабақтастыра отырып, қазақ тілі мен әдебиеті саласында жоғары білікті мамандар даярлауды жүзеге асыруда. Қазіргі таңда кафедраны педагогика ғылымдарының магистрі, доцент Г.С. Райнбекова басқарады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы кәсіби шеберлігімен және ғылыми жетістіктерімен ерекшеленеді. Оның айқын дәлелі – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленген оқытушылардың жетістіктері. Атап айтқанда, 2019 жылы кафедра доценті А.Б. Шормакова, 2020 жылы кафедра профессоры Л.Н. Дауренбекова, 2022 жылы кафедра профессоры Г.Ш. Бекенова және 2023 жылы кафедра доценті А.Е. Алимбаев осы жоғары атаққа ие болды. Бұл жетістіктер кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуетінің жоғары деңгейін, оқытушылардың кәсіби біліктілігін және білім беру сапасын арттыруға қосып отырған үлесін көрсетеді.

6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда;
  • ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
  • әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);
  • бұқаралық ақпарат құралдары, аударма саласында;
  • ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);
  • өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде);
  • әдеби кеңесші.

6В01701 – «Қазақ тiлi мен әдебиетi» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврларын даярлаудағы өзіндік дәстүрі терең қалыптасқан. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында жоғары кәсіби білікті мамандар қызмет етеді.

Кафедра құрамы:

ғылым докторы, профессор 2;

ғылым кандидаты, доценттер 7;

философия докторы (PhD) 3;

ғылым магистрі, аға оқытушы 6

аға оқытушы 2

 

Халықаралық ғылыми-педагогикалық қатынас және біліктілікті арттыру жұмыстары:

  • Болу Абант Иззет Байсал университеті, (қауымдастырылған профессор, PhD Э.Капаган), Түркия, Болу;
  • Токат Гази Осман Паша университеті, (PhD Е.Петек), Түркия, Токат;
  • А.И. Герцен атындағы РМПУ (профессор, ф.ғ.д. С.Н. Цейтлинг) РФ;
  • Чуваш мемлекеттік гуманитарлық ғылымдар институты (ф.ғ.д., профессор Н.И.Егоров);
  • РФ Хакас мемлекеттік университеті (профессор, т.ғ.д., түрколог В.Я.Бутанаев);
  • РФ Қазан Федералдық университеті (профессор Х.Ю. Миннегулов);
  • А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты;
  • Назарбаев университеті;
  • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ;
  • Ә. Марғұлан атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.б.

Мақалалары Қазақстан және Түркия, Ресей, Қытай, Чехия, АҚШ, Индия, Польша, Қызрғызстан мемлекеттерінде жарияланды.

Оқу-әдістемелік жұмыс:

  • Астана қаласы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп -гимназиясында кафедраның филиалы бар.
  • білім беру бағдарламасының оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
  • білім беру бағдарламасының кітапхана қоры 100%;
  • оқытудың техникалық құралдары (ғаламтор, лингафон және компьютер кабинеттері);
  • қазақ және орыс тілдері зертханасы;
  • практика базалары (Астана қаласындағы № 44, № 38, № 48, № 51, № 68, № 87 т.б. мектептер).

Кафедра студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

Студенттердің шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін дамыту: – «Аққу» әдеби-шығармашылық бірлестігі («Аққу», «Жас дәурен», «Көңіл гүлі», «Тәуелсіздік толқыны», «Жастар жырлайды» атты жыр жинақтары шықты). Республика көлемінде болып жатқан ақындар айтысында біздің студенттер де бар. Әртүрлі деңгейдегі өтіп жатқан олимпиадалар, байқаулар мен оқуларға білім беру бағдарламасының студенттері белсенді түрде ат салысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.


Прокрутить вверх