Конференцияға әлемнің 75 елінен жетекші ғалымдар мен зерттеушілер, сондай-ақ А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ШТ-23-03, ШТ-23-04, ИЯ-23-01 топтарының студенттері мен аға оқытушы А.М. Сарсенова қатысты. Спикерлер генеративті жасанды интеллектті қолдану саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, өз жетістіктерін кең аудиторияға ұсынды.
Конференцияға қатысқан студенттер ЖИ-дің болашағы, оның білім беру саласына ықпалы және практикалық қолдану мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат алды. Шара жаңа идеяларды таныстырып, қатысушыларға ғылыми ізденіске шабыт берген маңызды платформа болды.















