Кездесудің негізгі мақсаты – жас қыздарға өз денсаулығына қамқор болудың, өзін бағалаудың және сенімді болудың маңызын ұғындыру.
Кездесуді жүргізген дәрігер-гинеколог Динара Түсіпбекова қыздарға профилактика мен салауатты өмір салты туралы түсіндірді.
Сонымен қатар іс-шарада: – «Тамерлан» фитнес клубының негізін қалаушы Александра Омарова физикалық белсенділіктің және ішкі сенімнің адамның дамуына әсері жөнінде ой бөлісіп, – «Ана Үйі» қорының өңірлік маманы Айжан Диханова өмірлік қиын жағдайларда қолдаудың, мейірім мен өз-өзіне сенудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу пайдалы әрі әсерлі болды. Қыздардың өзіне деген сенімділігі артып, зор шабытпен шықты.



