ЕАГИ студенттері Ұлттық валюта күніне арналған жооаралық зияткерлік ойындарда жоғары нәтиже көрсетті

13–14 қараша күндері А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері Ұлттық валюта – Теңге күніне орай өткен жооаралық зияткерлік ойындарға қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, институт намысын абыроймен қорғады.
2025 жылғы 13 қарашада «Қаржыгер» клубының жетекшісі, доцент Ж.К. Әбжан және «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері «Қаржы жүйесін дамытудағы жасанды интеллект» тақырыбында жооаралық зияткерлік ойын ұйымдастырды. Шараға Астана қаласының төрт жоғары оқу орнының командалары қатысып, өз білімдері мен дағдыларын сынға салды.
Прокрутить вверх