Дәрістің мақсаты: ойын, есірткі және алкогольге сияқты тәуелділіктің барлық түрі адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулығына қалай кері әсер ететінін көрсету.
Ойынға, есірткіге және алкогольге тәуелділік адам өмірінің барлық аспектілері: физикалық және психикалық денсаулық, жеке өмір, мансап және әлеуметтік жағдайына зиянын тигізеді. Олардың әрқайсысы жеке қарауды қажет етеді, дегенмен бәріне тәуелділік және бақылауды жоғалту механизмдері тән.
Тәуелділіктің салдарын түсіну және онымен күресу тәсілдерін меңгеру – қоғамда тәуелділіктің таралуын алдын алып, аталған проблемаға тап болған жандардың өмірін өзгертуге септігін тигізеді.





