Педагогика және тарих кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу туралы семинар

2025 жылғы 17 қарашада педагогика және тарих кафедрасының практика бойынша кеңесшілері А.Ж. Мустақова, Н.Ж. Болатбекова, Г.Е. Жармаханова педагогика және тарих кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша онлайн семинар өткізді. Семинар жұмысын кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., профессор А.С. Макипов ашып, кәсіби практиканың маңыздылығын атап өтті.
Кафедраның профессорлар-оқытушылар құрамы 6В01303 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6В01301 – Бастауыш білім беру (IP), 6B01205 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6B01202 – Мектепке дейінгі білім беру (IP), 6В01102 – Педагогика және психология, 6В01606 – Тарих білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу тәртібімен таныстырылды.
Сондай-ақ практика базаларын таңдауға және бекітуге қойылатын талаптар бойынша ұсыныстар беріліп, нормативтік құжаттар мен практика өткізу ережелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Прокрутить вверх