19 қараша институт кітапханасында өткен «Байт әл-Хикмадан Корольдік қоғамға дейін» тақырыптық ғылыми семинарда Мухаммадия Сидоарджо (Индонезия) университетінің PhD докторы Мухаммад Танзил Мултазам дәріс оқыды.
20 қараша кітапханада А.Қ.Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Білім берудің ұлттық моделін қалыптастырудағы А. Құсайыновтың ұстанымы» тақырыбында семинар өтті. Семинарды ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор С.А. Есқалиев жүргізді, алғашқы сөз тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ білім академиясының академигі Қ.Ә. Ахметовке берілді. Академиялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор С.Б. Зағатова институт тарихымен байланысты естеліктерімен бөлісті . Л.Н. Дәуренбекова Қазақстандағы білім беру жүйесінің даму бағыттары, ұлттық модельдің ғылыми-теориялық негіздері және А. Құсайыновтың педагогикалық көзқарасын талдап, шараны қорытындылады.
21 қараша «Құсайынов оқулары – «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына арналған ашық қолжетімді кітап көрмесі ұйымдастырылды. А. Құсайыновтың ғылыми еңбектерімен қатар халықаралық конференция материалдары, институттың «Хабаршы» ғылыми журналы, 30 жыл үздіксіз жарық көрген «Жас ұрпақ» мерзімді басылымының газеттер топтамасы, сонымен қатар «Оқулық» – ғылыми-проблемалық зертханасы» және «А. Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығы» тақырыптық кітап көрмелері де форумға қатысушылар назарына ұсынылды.














