Іс-шараға психология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Д. Унарбекова және «Педагогика және психология» БББ студенттері қатысып, инклюзивті білім берудің заманауи тәжірибелерімен, мектептегі психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау қызметінің тиімді үлгілерімен танысты.
Сонымен қатар, кафедра доценті И.А. Тобагабылова инклюзивті қолдаудың негізі болатын эмоциялық қолдау мен эмпатияның маңызы туралы ЖОО тәжірибесіне негізделген мақаласын конференция жинағына басылымға ұсынды.
Конференция мамандар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жаңа идеялар мен серіктестіктердің қалыптасуына жол ашты.







