ЕАГИ «ҚМА-ның цифрлық қауіпсіздік сабақтары» форумына қатысты

2025 жылғы 27 қараша А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты Астанада өткен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы «ҚМА-ның цифрлық қауіпсіздік сабақтары» форумына қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – цифрлық сауаттылықты арттыру, онлайн алаяқтық, дропперлік схемалар және жасанды интеллект технологияларымен байланысты жаңа қауіптер туралы қоғамды хабардар ету.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, журналистер, IT-сарапшылар, блогерлер және қоғам қайраткерлері қатысты. Панельдік сессия барысында дипфейк технологиялары мен цифрлық алдаудың нақты мысалдары қарастырылып, мамандар өз тәжірибесімен бөлісті.
ЕАГИ-дің осындай маңызды алаңдарға белсенді қатысуы студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының цифрлық мәдениетін дамытуға, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Прокрутить вверх