№3 қалалық емхананың гинеколог-дәрігері Динара Мағауияқызы «Репродуктивті денсаулықты сақтау. Ерте жүктіліктің алдын алу. Контрацепция әдістері» тақырыбында дәріс өткізді. Студенттерге цикл, репродуктивті денсаулық, ерте жүктіліктің алдын алу, контрацепция түрлері және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы маңызды ақпарат берілді.
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог-дәрігері Жанна Қуанышқызы Бекетова «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға АИТВ-ның берілу жолдары, қорғану тәсілдері, тексерілу маңыздылығы, экспресс-тесттер және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді.
Іс-шара жастардың денсаулық мәдениетін арттыруға, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және саналы таңдаулар жасауына ықпал етті.





