Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және адалдық қағидаларын насихаттау болды.
Сайыс барысында командалар Қазақстан Республикасының заңнамасы, жемқорлыққа қарсы саясат, құқықтық нормалар, сондай-ақ логикалық және жедел ойлауды талап ететін сұрақтар бойынша бақ сынасты.





