«Заң және тәртіп» тақырыбындағы кураторлық сағат

2025 жылғы 4 желтоқсанда куратор Б.Б. Мажитова Ф-22-01 және Ф-23-01 топтарында «Заң және тәртіп» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің қоғамда заңдар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру және құқықтық мәдениетін арттыру.
Кураторлық сағат барысында құқықтық мәдениеттің негізгі ұғымдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтардың салдары, сондай-ақ тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың рөлі кеңінен қарастырылды.
Өмірден алынған мысалдар, ситуациялық тапсырмаларды талдап, өзара пікірталас ұйымдастырып, жекебас жауапкершілігін сезінуге, сондай-ақ құқықтық мәселелер бойынша салмақты әрі дұрыс шешімдер қабылдауды үйренді.

Прокрутить вверх